Атырау, 1 сәуір 12:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87

Apple, Google және Microsoft нысанаға алынды: Иран әлемдік алпауыттардың кеңселеріне соққы береміз деп сес көрсетті

91 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) бұрын-соңды болмаған мәлімдеме жасады. Тегеран американдық ірі технологиялық компанияларды Таяу Шығыстағы өзінің «заңды нысаналары» деп ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Tasnim.

Иран тарапы ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы алпауыттар аймақтағы нысаналарды бақылауға көмектесіп, террорлық актілерді дайындауға және «террорлық шпионажға» тікелей қатысады деп санайды.

Иранның «қара тізіміне» кім енді: Шабуыл жасалуы мүмкін нысандардың тізіміне әлемдік нарықтың барлық дерлік көшбасшылары кірген:

  • IT және софт: Microsoft, Google, Oracle, Cisco;

  • Құрылғылар мен чиптер: Intel, Nvidia, HP;

  • Гаджет пен әлеуметтік желі: Apple, Meta;

  • Өнеркәсіп: Tesla және Boeing.

ИРСК мәлімдемесінде жауап шаралары 1 сәуір күні кешке қабылдануы мүмкін екені атап өтілген.

«Америкалық АКТ (ИКТ) және ЖИ (ИИ) саласындағы компаниялар террорлық актілер үшін нысаналарды бақылаудың негізгі элементі болғандықтан, бұдан былай олардың мекемелері біздің заңды нысаналарымызға айналады. Таяу Шығыс аймағындағы кеңсе қызметкерлеріне өз өмірлерін сақтап қалу үшін жұмыс орындарын дереу босату ұсынылады», — делінген ресми хабарламада.

Сарапшылардың пікірінше, компаниялардың БАӘ, Катар немесе Сауд Арабиясы сияқты елдерде орналасқан аймақтық штаб-пәтерлері соққы астында қалуы мүмкін. Бұл жағдай аймақтағы онсыз да тұрақсыз ахуалды шегіне жеткізіп отыр.

Бүгін, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.