Атырау, 31 наурыз 18:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93

​Air Astana-да жазғы навигация: қазақстандықтар қай бағытқа шыға алады

64 рет қаралды

Air Astana 29 наурыздан бастап 24 қазанға дейін жалғасатын жазғы навигацияға көшті. 

Бұл кезеңде қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу жиілігі артады, маусымдық рейстер жанданады және жаңа рейстер қосылады.

29 наурызда Airbus A321LR ұшағымен сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері қатынайтын Алматы-Шанхай жаңа бағытының бірінші рейсі орындалды. 2 маусымнан бастап аптасына екі рет  Астана-Гуанчжоу, сондай-ақ Астана мен Алматыдан Ларнакаға (Кипр) Airbus A321LR әуе кемесімен жаңа рейстер орындалады.

Астана мен Алматыдан Бейжіңге, Ыстамбұлға және Антальяға рейстер жиілігі біртіндеп артады, ал Астанадан Франкфуртқа рейстер мамыр айынан бастап күн сайын ұшады. Сондай-ақ Алматыдан Үрімшіге, Тбилиси мен Ташкентке рейстер жиірек болады.

Алматыдан Нячанг/Дананг (Вьетнам), Батуми, Подгорица (Черногория), Бодрум қалаларына, Астанадан Нячанг/Дананг, Подгорица, Тбилиси, Бодрум және Ташкент қалаларына, Атыраудан Тбилисиге бағыттар бойынша рейстер қайта орындалады. Алматыдан Мальдив аралдарына маусымдық әуе қатынасы мамыр айының соңына дейін ұзартылды.

Қазақстандықтар үшін Мальдив, Түркия, Қытай, Вьетнам, Грузия және Өзбекстанға визасыз режим қолданылады.

Бүгін, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.