Атырау, 31 наурыз 17:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93

​20 адам ұсталып, 47 тінту жүргізілді: Қарағанды облысындағы арнайы операция

Бейнежазба
62 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Қарағанды облысында ІІМ айтуы бойынша елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін бір топ адамның қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады

Министрлік мәлімдегендей, жедел әзірлеме барысында топ мүшелерінің бірі спорт саласындағы беделін пайдаланып, спортты қолдау және дамыту деген сылтаумен жастарды ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға тартқан.

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық және тонау фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалды. Қабылданған шаралар мен жедел әрекеттер нәтижесінде 20 адам ұсталды. 47 санкцияланған тінту жүргізіліп, заңсыз айналымнан атыс және суық қарулар, оқ-дәрілер, автокөліктер, ірі көлемде ақша, оның ішінде шетел валютасы, сондай-ақ қылмыстық істер үшін маңызы бар өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. 

Топтың заңсыз әрекеті өздерінің қылмыстық ықпалын кеңейтуге, соның ішінде жастарды тартуға және зорлық-зомбылық қылмыстарын жасауға бағытталған. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы тексерілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады, деп атап өтті ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бүгін, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.