
Батыс Қазақстан облысында мектеп автобусының қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Соқтығысу салдарынан балалар зардап шекті, деп хабарлайды Centralmedia24.
Жол апаты 31 наурыз күні түсте Подстепное ауылында болған. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, республикалық маңызы бар «Самара — Шымкент» жолында бірден үш көлік соқтығысқан.
Жолаушылар автобусы бала таситын мектеп автобусының артқы жағынан қатты соқты. Соққының екпіні күшті болғаны соншалық, мектеп көлігі алға ұшып барып, алдында тұрған Ford Galaxy автокөлігін соққан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер бар, оның ішінде балалар да бар. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мен бірнеше жедел медициналық көмек бригадасы жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Зардап шеккендердің нақты саны мен жарақаттарының ауырлығы қазір нақтыланып жатыр. Полиция қызметкерлері маршруттық автобус жүргізушісінің мұндай қауіпті маневр жасауына не себеп болғанын (жылдамдықты асыру, қашықтықты сақтамау немесе техникалық ақау) анықтап жатыр.
Облыс әкімдігі әзірге оқиғаға қатысты ресми ақпарат берген жоқ, десе де жағдай тиісті ведомстволардың бақылауында.
В Атырау -10