
31 наурызда Politico басылымына берген сұхбатында Франция ӘӘК басшысының орынбасары Доминик Тардиф елдің әскери-әуе күштерін Ресеймен ықтимал қақтығысқа дайындау қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды НСН.
Оның айтуынша, 2028–2029 жылдары Мәскеу НАТО-ны сынап көруі мүмкін. Мұндай жағдайда француз ұшқыштары шығыс шекарадағы шиеленістің алдыңғы шебінде болмақ.
Тардиф Балтық елдерінде истребитель авиациясының жоқтығын, ал Румынияның әлеуеті шектеулі екенін атап өтті. Осыған байланысты Батыс Еуропа елдері ықтимал қарсыласуға дайындалуы тиіс деп санайды.
Бұған дейін Ресейдің ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Дмитрий Полянский Еуроодақтың Ресеймен соғысқа дайындалып жатқанын айтқан болатын.
В Атырау -10