
Үкімет отырысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов теміржол саласында енгізіліп жатқан инновациялар туралы баяндады.
Оның айтуынша, «Қарағайлы – Көкпекті» учаскесінде «АЙМАК RAIL» пойыздар қозғалысын аралық реттеудің цифрлық жүйесі іске қосылған.
Өткен жылдың желтоқсанында ұзындығы 247 шақырымдық бағытта Starlink спутниктік жүйесін қолдана отырып, жобаны өрістету жұмыстары басталды. Бұл тәулігіне пойыз өткізу қабілетін бастапқы кезеңде 4 жұпқа, кейін 7 жұпқа дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Жүк тасымалы көлемі жылына 3 млн тоннадан бастап, екінші кезеңде 5 млн тоннадан асады деп күтілуде.
Пойыздарды тестілік іске қосу сәуір айына жоспарланған. Сонымен қатар келесі жоба ретінде дизельді қозғалтқыш пен аккумуляторлық батареяларды қамтитын гибридті маневрлік локомотивтер ұсынылды. Мұндай локомотивтер отынды үнемдеп, пайдалану шығындарын және зиянды заттар шығарындыларын 20%-ға төмендетеді.
В Атырау -10