Атырау, 22 маусым 03:11
 дождьВ Атырау +21.8
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

ҰҚК мен полицияның арнайы операциясы: 118 қару тәркіленді

Сурет
486 рет қаралды

2026 жылдың басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп, қару-жарақтың заңсыз айналымына тосқауыл қою бойынша бірқатар арнайы операция жүргізді.

Құзырлы органдар прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанның аймақтарын «сүзіп шықты», нәтижесінде заңсыз айналымнан 118 бірлік атыс қаруы тәркіленді.

Ұсталғандардан нақты не табылды:

  • 6 Калашников автоматы;
  • 83 мылтық;
  • 29 тапанша;
  • 15 граната;
  • Әртүрлі калибрлі 859 оқ-дәрі.

«Анықталған барлық дерек бойынша жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты және Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», — деп түсіндірді ҰҚК өкілдері.

Ведомство заңсыз арсеналды анықтау және тәркілеу жұмыстары бүкіл республика бойынша жоспарлы режимде жалғасып жатқанын атап өтті.

31 наурыз, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.