
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі республика бойынша жеке емшара кабинеттеріне тексеру жұмыстарын күшейтті.
Тексеру жұмыстары заңсыз медициналық қызмет көрсету фактілерін және медициналық көмек көрсету кезіндегі стандарттардың бұзылуын анықтау мақсатында жүргізілді.
Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметі бойынша, 1900 жеке емшара кабинетінің 408-і тиісті лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткен.
Тексеру нәтижесінде 270 емшара кабинеті өз қызметін ерікті түрде тоқтатты; бірқатар субъектілер қызметін заңдастыруға дайын екенін білдіріп, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуге кірісті; 116 нысанға қатысты жоспардан тыс тексерулер басталды.
Аяқталған тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша мынадай жүйелі бұзушылықтар анықталды:
• медициналық қызметті лицензиясыз жүзеге асыру;
• санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау;
• дәрілік заттарды сақтау шарттарының бұзылуы;
• білікті медициналық персоналдың болмауы;
• шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті жиынтықтардың болмауы.
Бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша 147 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Денсаулық сақтау министрлігі қабылданып жатқан шаралар ең алдымен пациенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға, медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге және заңнама талаптарын сақтауға бағытталғанын атап өтеді.
В Атырау -10