
Ұшақты дәстүрлі су аркасымен қарсы алды, авиацияда жаңа бағыттың ашылуын осылай атап өтеді.
Uzbekistan Airways компаниясы Атырау – Ташкент бағыты бойынша тұрақты рейстерді бастады. Ұшулар аптасына екі рет — дүйсенбі және жұма күндері Airbus A320 ұшағымен орындалады.
Ашық деректерге сәйкес, 2025 жылы Қазақстаннан Өзбекстанға 2,5 миллионнан астам адам барған. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Өзбекстанға келген туристер саны бойынша екінші орында тұр.
Гүлжанат ИСАБАЕВА
В Атырау -10