
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ел жолдарында көліктері зақымдалған жүргізушілер тарапынан сотқа талап-арыздар түскенін хабарлады.
Бұл жерде әңгіме жолдың сапасыздығынан көлік дөңгелектері жарылған немесе бөлшектері (ходовая часть) істен шыққан жағдайлар туралы болып отыр.
Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында компанияның басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда компанияға қатысты автокөлік иелерінен жетіге жуық талап-арыз түскен.
«Сот шешімімен белгілі бір талап-арыздар бойынша бізге кінә тағылса, біз тиісті шығынды өтейміз», — деп атап өтті Иманашев.
Сонымен қатар, компания өкілдері Қазақстанда жолдың нашар күйі себеп болған жол-көлік оқиғалары ресми түрде тіркелмегенін алға тартты.
«ҚазАвтоЖол» басшысы нақтылағандай, әрбір ЖКО-дан кейін хаттама толтырылып, апаттың себебі көрсетіледі. Қолда бар статистикаға сүйенсек, адам өліміне әкеп соғатын апаттардың көпшілігі жол төсемі факторын көрсетпестен, көліктердің бетпе-бет немесе соқтығысуымен байланысты болып отыр.
Осылайша, жүргізушілер тарапынан сотқа шағымдар түскеніне қарамастан, ресми статистикада жолдың нашарлығы апат себебі ретінде көрсетілмей келеді.
В Атырау -10