
Ұлытау облысының прокуратурасы тыйым салынғанына қарамастан ондаған мемлекеттік қызметшінің құмар ойындарға қатысу деректерін анықтады.
Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 10 басшы, «Olimpbet» және «1XBET» букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң (12-б. 1-т. 6) тт.) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіретіндіктен мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салады, - деп атап өтті Ұлытау облысының прокуратурасы.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен құмар ойындарына қатысқан барлық 36 мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында тұратыны атап өтті ведомство мамандары.
В Атырау -10