Атырау, 30 наурыз 16:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

​Қазақстанда ірі су қоймаларынан су жіберіліп жатыр

71 рет қаралды
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдап, қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлеріндегі ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр. 

Ведомствоның 30 наурыздағы мәліметі бойынша, Ақмола облысында Сілеті су қоймасынан секундына 16,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 16,67 текше метр су жіберілуде.

Ақтөбе облысында Ақтөбе су қоймасынан секундына 1 текше метр және Қарғалы су қоймасынан секундына 0,3 текше метр су жіберіліп жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 37%-ға толы.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 315 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан 421 текше метр су жіберілуде.

Абай облысында Шүлбі су қоймасынан секундына 661 текше метр су жіберілуде.

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 6 текше метр және Бітік су қоймасынан секундына 7 текше метрден, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 2 текше метрден су жіберілуде.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 3 текше метр, Самарқанд су қоймасынан секундына 3 текше метр су жіберілуде.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр және Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 15,8 текше метр, Петропавл су қоймасынан 28,16 текше метр су жіберілуде.

Министрлікте бұл шаралар су тасқыны кезеңіндегі тәуекелдерді азайту және еріген қар суының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқанын атап өтті

Бүгін, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.