Атырау, 30 наурыз 16:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

​​«Нақты есімде жоқ»: Жанәбіловтер ісі бойынша сотта куәгерлер жауап берді

105 рет қаралды

Астанада танымал блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі жалғасуда. Бұл жолы сотта олардың әріптестері — Дархан Жолшыбеков және Нұрбек Нұртаза (JustKing) куәгер ретінде сөз сөйледі, деп хабарлайды centralmedia24.kz.

Куәгерлердің жауабы негізінен блогерлер ұйымдастырған оқыту курстарының мазмұнына қатысты болды. Дархан Жолшыбеков 2024 жылы e-commerce бойынша курстарды өзі әзірлегенін айтты. Алайда Жанәбіловтердің одан кеңес сұраған-сұрамағаны туралы нақты жауап бермей: «Мен қазір ұмытып қалдым, сөйлестік. Бірақ нақты есімде жоқ, сұрады ма, жоқ па», – деді ол сотта.

Ал Нұрбек Нұртаза (JustKing) бизнеске қатысты курстардың мазмұны көп блогерде ұқсас екенін атап өтті. Оның айтуынша, Жанәбіловтердің бағдарламасын толық зерттемеген, бірақ ұқсастық шамамен 10–15% болуы мүмкін деп болжады.

Қазір айыпталушылар үй қамағында отыр;

Олардың мүлкіне арест қойылған: ішінде 10 люкс автокөлік (Lamborghini Urus, Lexus LX 600) және 17 iPhone бар;

Бұған дейін прокурор миллиард теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін екенін айтқан, бірақ кейін есептеуде қателік кеткені үшін сот ескерту жасаған;

Бұрынғы жәбірленушілердің бірі сатып алған курсына қолжетімділікті жоғалтқанын мәлімдеген.

Сот тергеуі жалғасуда.

Бүгін, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.