
Өткен жексенбіде полиция 380 адамды ұстаған, олардың көпшілігі - негізінен ұлтшылдар мен футбол фанаттары. Тәртіпсіздіктерге қатысушылар полициямен қақтығысып, дүкендердің терезелерін, мигранттар жұмыс істейтін басқа да орындарды қиратқан.
Дүйсенбіде Бирюлевода 200-ге тарта адам қатысқан шеруден соң 10 адам ұсталған.
Мигранттар құқығын қорғаушы белсенділер Мәскеуде ұлтаралық зорлық-зомбылық тұтануы мүмкін деп ескертеді.
Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі (омбудсмен) Владимир Лукин "ресейліктер бірге өмір сүріп, елді этникалық негізде бөлу әрекеттеріне қарсы тұруды үйренулері керек" деген.
Дереккөз: azattyq.org
15 қазан 2013, 11:36