Ойнихол Бобоназарова, Тәжікстан президенттігіне оппозициялық күштер ұсынған ортақ үміткер. Тәжікстан оппозициясы орталық сайлау комиссиясынан Ойнихол Бобоназарованы кандидат етіп тіркеуді талап етті.
Оппозициядан президенттікке ортақ кандидат ретінде ұсынылған Бобоназарованы сайлау комиссиясы тиісті мерзімге дейін тіркеуге қажетті 210 мың адамның қолын жинай алмады деп тіркемей қойған еді. Бұдан соң Бобоназарова президент сайлауынан бас тартатыны туралы Азаттыққа айтқан.
Ойнихол Бобоназарованы ұсынған оппозициялық Біріккен реформаторлық күштердің өкілдері оны жинаған 202 мың қолымен тіркелуге болады деп санайды. Оппозиция өкілдері бұған Тәжікстан заңдары бойынша барлық сайлаушының бес пайыз даусын жинаған кандидат президенттіке тіркеле алады деген уәж айтады.
Оппозиция өкілдері бұған қоса билік бір миллионнан астам тәжік мигранттарын сайлауға қатысу құқынан айыру арқылы Бобоназарованың мүмкіндігін азайтып отыр дейді. Бобоназарова сайлауда негізінен осы тәжік мигранттарының қолдауына сүйенбек болған.
Қазір 6 қарашада өтетін президент сайлауына үміткер алты адам тіркелді. Олардың арасында қазіргі президент Эмомали Рахмон да бар.

Дереккөз: azattyq.org
15 қазан 2013, 11:34