Атырау, 30 наурыз 12:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

​Қазақмыс 2026-2028 жылдарға арналған өнеркәсіптік қауіпсіздікті трансформациялау стратегиясын бекітті

73 рет қаралды

Қазақмыс компаниялар Тобында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің төрағалығымен өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды трансформациялау мәселесіне арналған стратегиялық сессия өтті.

Басқарма төрағасы қатысушыларға арнаған сөзінде компанияның қауіпсіздік саласындағы негізгі басымдықтарын айқындап, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмыс істеуге жол берілмейтінін ерекше атап өтті.

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік – біздің бірінші кезектегі басымдығымыз, ал өлімге әкелетін жазатайым оқиғаның алдын алу – негізгі міндет. Қауіпсіздік талаптары бұлжытпай сақталған жағдайда ғана өндірістік жоспар орындалуы мүмкін. Осы мақсатта біз басқарушылық тәртіпті күшейтіп, басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастырып жатырмыз. Қауіпсіздік техникасы бойынша орталық комитет құрылуда, жауапкершілік барлық деңгейде бекітіледі. Біздің міндет – қабылданған шешімдердің күнделікті жұмыста орындалуын қамтамасыз ету. Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатысты мәселеде ешқандай ымыраға жол жоқ», – деп атап өтті «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі.

Талқылауға Басқарма мүшелері, өндірістік филиалдардың басшылары, техникалық сарапшылар, сондай-ақ халықаралық JMJ Associates компаниясының кеңесшілері қатысты.

Стратегияны Еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директор Жанбек Есмахановтың жетекшілігімен еңбекті қорғау блогы әзірледі. Осы жұмыстың аясында ӨҚжЕҚ қолданыстағы жүйесіне кешенді бағалау жүргізілді. Ішкі аудит пен халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткізілген тәуелсіз зерттеу нәтижесі негізінде трансформацияның басым бағыттары айқындалды. Стратегиялық сессия аталған жұмыстың қисынды жалғасы ретінде компания басшылығы деңгейінде тәсілдерді келісуге арналған алаңға айналды.

Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына сөзсіз басымдық берілетін қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін қалыптастыру –стратегиялық сессияның негізгі тақырыбы болды. Бұл қағидат компанияның бүкіл өндірістік қызметінің басты бағдары ретінде белгіленді.

Талқылау қорытындысы бойынша 2026-2028 жылдарға арналған өнеркәсіптік қауіпсіздікті трансформациялау стратегиясы бекітілді. Құжат өндірістік тәуекелдердің себебімен жүйелі жұмыс істеуді және барлық деңгейде қауіпсіздік мәдениетін дамытуды көздейді.

Стратегия нөлдік жарақаттану қағидатына негізделеді және өзара байланысты екі бағытты қамтиды: тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру және қауіпсіздік саласындағы көшбасшылықты дамыту.

Стратегияны іске асыру барысында компанияда Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі орталық комитет құрылады. Ол басым бағыттарды белгілеп, олардың орындалуын қадағалайды. Комитет отырысы тұрақты түрде, тоқсан сайын кем дегенде бір рет өткізіледі.

Сонымен қатар өндірістік активтер деңгейінде қауіпсіздік бойынша ай сайын комитет отырысы тәжірибесі енгізілуде. Ол тәуекелдерді жедел басқаруға және іс-шаралардың орындалуын қадағалауға бағытталады.

Компанияда 2026 жыл Қауіпсіздік жылы болып жарияланды. Осы кезеңде басқару жүйесін реттеуге, сенімді талдауды қалыптастыруға және тиімділіктің озық көрсеткіштерін енгізуге ерекше назар аударылады.

Стратегияны іс жүзінде жүзеге асыру тәуекелге бағдарланған тәсілдерді дамытуды, аса қауіпті тәуекелдерді бақылаудың бірыңғай стандартын енгізуді, барлық деңгейдегі басшылардың рөлін күшейтуді, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын барлық негізгі бизнес-үдерістерге, оның ішінде мердігер ұйымдармен өзара іс-қимылға интеграциялауды қамтиды.

Тәуекелдерді азайтудың маңызды факторы ретінде жабдықты жаңартуға және өндірістік активтердің сенімділігін арттыруға бағытталған инвестицияға ерекше мән беріледі.

Аса қауіпті тәуекелдерді бақылау бойынша іс-шараларды толық орындау басшылар үшін негізгі KPI болады. Бұл тәсіл оқыс оқиғаларға әрекет етуден олардың алдын алуға көшуге мүмкіндік береді.

Стратегияның ұзақ мерзімді мақсаты – жарақаттану деңгейін кезең-кезеңімен төмендету және өліммен аяқталатын оқиғалардың мүлде болмауына қол жеткізу.

Стратегияны іске асыру компанияның күнделікті қызметіне интеграцияланған қауіпсіздікті басқарудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Бүгін, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.