Атырау, 30 наурыз 12:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

Қазақстан — ТМД-да дәрі-дәрмек реттеу бойынша көшбасшы

68 рет қаралды

gov.kz
gov.kz

Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет және Еуропа өңірінде төртінші болып Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша дәрілік заттардың айналымын ұлттық реттеу жүйесінің үшінші жетілу деңгейіне қол жеткізді.

Бұл нәтиже жүйенің дәрілік препараттардың сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды.

Аталған жетістік Алматы қаласында өткен Үндістан–Қазақстан фармацевтикалық бизнес-форумы барысында атап өтілді. Форумға дәрілік заттар, фармацевтикалық шикізат, медициналық бұйымдар, вакциналар мен биотехнологиялық өнімдер өндіретін Үндістанның 60-тан астам фармацевтикалық компаниялары қатысты.

Үшінші жетілу деңгейіне қол жеткізу Қазақстанның дәрілік заттарды реттеу ұлттық жүйесінің тіркеу, сапаны бақылау, фармакологиялық қадағалау және өндірістерді инспекциялау бойынша халықаралық талаптарға сәйкес келетінін білдіреді. Бұл халықаралық ұйымдар, инвесторлар мен өндірушілер тарапынан қазақстандық фармацевтикалық жүйеге деген сенімді арттырады.

Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтика саласын дамыту, инвестициялар тарту, заманауи технологияларды енгізу, дәрілік заттар айналымы процестерін цифрландыру, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

2025 жылы әрбір пациент үшін дәрілік қамтамасыз етудің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру Денсаулық сақтау министрлігінің басты басымдығына айналды.

Бүгінде 3,6 млн адам ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілуде, бұл 262,9 млрд теңге сомасына 15,6 млн рецептті құрайды.

Дәрілік препараттардың тізбелері жаңартылды: тиімсіз дәрілер алынып тасталып, заманауи және инновациялық препараттардың үлесі арттырылды.

Бүгін, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.