Атырау, 30 наурыз 10:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

​АҚШ Кубаға бет алған ресейлік мұнай танкерін өткізіп жіберді

109 рет қаралды
Кубаның астанасы Гавана портындағы танкер, 2025 жылғы қыркүйек/ Сурет: Adalberto Roque/AFP
Кубаның астанасы Гавана портындағы танкер, 2025 жылғы қыркүйек/ Сурет: Adalberto Roque/AFP

АҚШ кемелері Кубаға 730 мың баррель мұнай апара жатқан ресейлік кемені тоқтатқан жоқ. Дональд Трамп аралға бұған дейін блокада жариялағанына қарамастан, мұндай тасымалдарден «ешқандай мәселе көріп тұрмағанын» мәлімдеді, деп хабарлайды dw.com.

АҚШ жағалау күзеті Кубаға 730 мың баррель мұнай тасымалдап бара жатқан ресейлік «Анатолий Колодкин» танкерін ұстамады. Дүйсенбі, 30 наурызға қараған түні Associated Press агенттігі бұл кеменің қазірдің өзінде аралдың шығыс шетіне жеткенін және 31 наурызға қарай Кубаның Матансас портына келуі мүмкін екенін хабарлады.

Куба маңында АҚШ Жағалау күзетінің екі патрульдік катері жүр. 29 наурызда The New York Times газеті хабарлағандай, АҚШ Президенті Дональд Трамп жариялаған іс жүзіндегі блокадаға қарамастан, бұл кемелерге ресейлік мұнай танкерін тоқтату туралы бұйрық берілмеген.

Трамптың өзі дүйсенбіге қараған түні журналистерге берген сұхбатында былай деді:

«Егер қандай да бір ел қазір Кубаға белгілі бір мөлшерде мұнай жібергісі келсе, мен бұдан ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын, ол Ресей ме, әлде басқа ма, маңызды емес. Біз біреудің мұндай тасымалдауды алғанына қарсы емеспіз, өйткені оларға бұл қажет... олар да өмір сүру керек».

The New York Times сауалнама жүргізген сарапшылардың пікірінше, ресейлік мұнай танкерінің келуі Кубаны кем дегенде бірнеше аптаға жететін отын қорымен қамтамасыз етеді.

Бүгін, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.