
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштердің басшылығындағы кадрлық өзгерістер туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды», — делінген ресми хабарлама мәтінінде.
Бос қалған лауазымға кімнің тағайындалатыны әзірге хабарланған жоқ.
Бауыржан Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерін 2024 жылдан бастап басқарып келді.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрамына Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары кіреді. Қолбасшылық басқармасы Ақтау қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылығының негізгі міндеті - мемлекеттік шекараның қолсұғылмаушылығын, аумақтық тұтастықты, егемендікті және Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету.
В Атырау -10