Атырау, 29 сәуір 02:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 457.21
€ 534.62
₽ 6.08

​Қарағандыда кісі қолынан әйел қызымен бірге қаза тапты, күдікті өзіне қол жұмсады

593 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қарағандыда 38 жастағы әйел мен оның кәмелет жасына толмаған қызының сүйегі табылды. Зорлықпен өлтірілген белгілері бар. 

Қайғылы оқиға 26 наурызда Крылов көшесіндегі пәтерлердің бірінде орын алды, деп хабарлайды Криминальный Казахстан телеграмм-арнасы.

Полиция мәліметі бойынша, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғаушылар күдіктінің жеке басын анықтап, оны іздестіруді бастады.

Хабарланғандай, күдікті — 39 жастағы ер адам, ол, көршілердің айтуынша, қайтыс болған әйелмен бірге заңсыз некеде тұрған. 

Кейінірек іздестіріліп жатқан адам Ақтоғай ауданында қайтыс болған күйінде табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне тіркелген қаруынан өзіне оқ атып, өз-өзіне қол жұмсаған. 

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауды жалғастырып жатыр. Тексеру жүргізілуде.

27 наурыз, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.