
Қазақстанның республикалық автомобиль жолдарында арнайы ақпараттық панно орнатыла бастады. Олар су тасу қаупі бар, жол қабатына су шығуы мүмкін учаскелер туралы жүргізушілерді ескертеді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
Республикалық маңызы бар автожолдарда су басу қаупі жоғары учаскелер туралы ескертетін ақпараттық паннолар орнатылып жатыр. Жолдың жүріс бөлігінде су шаю қаупінің болуына байланысты сіздерден:
- - қозғалыс жылдамдығын төмендетуді;
- - қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауды;
- - аталған учаскеден өту кезінде барынша мұқият болуды сұраймыз.
«Орнатылған ескерту белгілері мен ақпараттық тақтайшаларға назар аударуларыңызды өтінеміз. Осы талаптарды сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - дейді мамандар.
В Атырау -10