Атырау, 27 наурыз 19:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85

​Қазақстан мен Ресей шекарасында су тасқынына байланысты шектеулер енгізілді

63 рет қаралды
Сурет: t.me/fgku_rosgranstroy
Сурет: t.me/fgku_rosgranstroy

Қазақстан мен Ресей шекарасында «Желқуар» автомобиль өткізу пункті арқылы қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Бұл туралы Росгранстрой хабарлады.

Ведомство мәліметі бойынша, шектеулер Қазақстан аумағындағы Берсуат өзенінің тасуына байланысты 2026 жылғы 27 наурыздан бастап енгізілген.

Осыған байланысты шекара маңындағы өткізу пункттері арқылы — Қазақстан тарапындағы Қостанай облысындағы «Желқуар» және Ресей тарапындағы Челябі облысындағы «Марийский» пункттері арқылы адамдардың, көлік құралдарының және жүктердің өтуі уақытша тоқтатылды.

Росгранстрой тасымалдаушыларға және жүргізушілерге Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы учаскесі арқылы маршруттарды жоспарлау кезінде бұл ақпаратты ескеруді ұсынды.

ҚазАвтоЖол мәліметінше, 2026 жылғы 26 наурызда кешкі 20:00 шамасында Қостанай облысындағы Желқуар өзенінде, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы бейтарап аймақта ұзындығы 70 метр, биіктігі 5-10 см болатын еріген қар суының тасуы тіркелді.

Аталған жағдайға байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының мамандары су ағынын реттеу және одан әрі тасуды болдырмау бойынша жедел шаралар қабылдады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сағат 22:00-ге дейін су тасуы толығымен жойылды.

Қазіргі уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейтарап аймақтағы учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, сигналдық бағаналар мен ескерту белгілері орнатылды. Гидравликалық жүктемені азайту және қайта тасудың алдын алу үшін қосымша қапшықтар орнату жұмыстары жүргізілуде.

Су деңгейі қайта көтерілген жағдайда, KZ10-05 «Мариновкаға кіреберіс» автожолының 9-шақырымында, сондай-ақ Ресей Федерациясы бағытындағы жолда көлік қозғалысын уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.

Айта кету керек, аталған су тасу құбылысы жыл сайын қайталанып отырады. Еріген қар сулары толық өткеннен кейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, көлік қозғалысы толық қамтамасыз етіледі.

Бүгін, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.