Атырау, 27 наурыз 18:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85

​Жасанды интеллект және логистика: Шымкентте ЕАЭО премьер-министрлері не туралы келісті

71 рет қаралды
Сурет: primeminister.kz
Сурет: primeminister.kz

Шымкентте Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен Евразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кеңейтілген отырысы өтті. Үкімет басшысы Одақты цифрландыру бойынша Қазақстанның жоспарларын жариялады.

Отырыста Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер — Өзбекстан, Куба және Иран өкілдері қатысты.

Цифрлы ел және Alem.ai

Кездесуді аша отырып, Олжас Бектенов 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО органдарына Қазақстанның төрағалық етіп отырғанын еске салды. Ол еліміздің стратегиялық мақсаты — аймақтың толыққанды цифрлық хабына айналу екенін атап өтті.

«Біз ЕАЭО әріптестерімен білім және тәжірибе алмасуға дайынбыз. Қазақстанда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды, ол ғылым мен инновацияны біріктіреді. Біз кеден саласынан бастап өнеркәсіпке дейінгі барлық негізгі салаларда ЖИ енгізуді ұсынамыз», — деді Қазақстан премьер-министрі.

Жүктерді ЖИ арқылы үйлестіру

Қазақстанның негізгі ұсыныстарының бірі — жасанды интеллект негізінде жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құру болды. Бектеновтың пікірінше, бұл төмендегідей мүмкіндіктерге қол жеткізеді:

  • Тауарларды жеткізу мерзімдерін қысқартуға;
  • Бизнес шығындарын азайтуға;
  • ЕАЭО дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға.

Сонымен қатар премьер ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау кезінде қағаз мөрлерден толық бас тартып, процестерді толықтай «цифрға» көшіруді ұсынды.

Жаңа нарықтар

Олжас Бектенов әріптестерді сыртқы жаңа нарықтарға белсенді шығуға шақырып, Араб әлемі, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка елдерін приоритетті бағыттар деп атады.

Шымкенттегі кездесу қорытындысы бойынша экономикалық байланысты нығайтуға бағытталған 12 құжатқа қол қойылды. ЕҮАК-тың келесі отырысы тамыз айында Іссық көлде (Шолпан-Атада) өтеді.

Еске сала кетсек, саммит өткізілген уақытта Шымкентте дрондар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануға уақытша тыйым салынды.

Бүгін, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.