Атырау, 27 наурыз 18:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85

​Антальядан үш медаль: атыраулық таэквондошылар Türkiye Open турнирінде жеңіске жетті

Бейнежазба
74 рет қаралды

№1 БЖСМ тәрбиеленушілері Антальяда өтіп жатқан және Еуропадағы таэквондодан ең ірі жарыстардың бірі болып саналатын Türkiye Open Taekwondo 2026 халықаралық турнирінде тамаша өнер көрсетті.

Бір апта бойы мұнда алпыстан астам мемлекеттен мыңдаған спортшы ондаған татамида қатардан жарысқа түсіп жатыр.

Кадеттер арасында 33 келі салмақ категориясы бойынша алтын медальді Мария Кузняткина (жаттықтырушы Айгүл Елубай) жеңіп алды. Басқа салмақ категориясында турнирдің жеңімпазы Амина Гильманова (жаттықтырушы Айдана Махимова) атанды. Айару Орынғали (жаттықтырушы Рысжан Ибатова) жеңіс тақтасының екінші сатысына көтеріліп, күміс медаль иеленді.

Жаттықтырушылардың айтуынша, спортшылар турнирде алты жарыс өткізіп, халықаралық жарыстардың күрделі сынынан сүрінбей өтті.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттерді В. Кузняткина ұсынды

Бүгін, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.