Атырау, 27 наурыз 18:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85

Қазақстан мен Тәжікстан салықтық әкімшілендіру саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

58 рет қаралды
gov.kz
gov.kz

2026 жылғы 26–27 наурыз күндері Астана қаласында Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Салық комитеті делегациясының Қазақстан Республикасына сапары өтті.

Сапардың мақсаты – салықтық әкімшілендіруді жаңғырту бойынша қазақстандық тәсілдерді, оның ішінде процестерді цифрландыру мен бизнеспен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бағыттарын зерделеу және тәжірибе алмасу болды.

Сапар бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен екіжақты кездесулер өтті.

ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық ынтымақтастықты дамыту озық тәжірибелерді енгізуге және салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстан тарапы салық жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын таныстырып, әкімшілендірудің сервистік моделіне және цифрлық шешімдерге басымдық берді.

Талқылау барысында мына мәселелер қаралды:

  • салық заңнамасындағы өзгерістер;
  • кәсіпкерлерді әкімшілендіру тәсілдері;
  • жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу және трансферттік баға белгілеу;
  • ірі салық төлеушілерді мониторингтеу;
  • салықтық аудит;
  • цифрландыру және ақпараттық жүйелерді дамыту.

Цифрлық трансформация мәселелеріне ерекше назар аударылды. Делегация Digital Silk Road базасында МКК-нің IT-шешімдерімен танысып, процестерді автоматтандыруға, әкімшілік жүктемені азайтуға және салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға бағытталған құралдар көрсетілді.

Кездесулер ашық диалог форматында өтті, бұл тараптарға практикалық кейстерді, туындайтын мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.

Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасуды жалғастыруға, заманауи шешімдерді енгізуге және екі елдің салық жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.

Бүгін, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.