Атырау, 27 наурыз 12:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85

Threads-тегі алаяқ: ақша жинап алу мақсатында жалған ақпарат жариялады

Бейнежазба
108 рет қаралды
Сурет:  Polisia.kz
Сурет: Polisia.kz

Астанада алаяқтық жасады және көрінеу жалған ақпарат таратты деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Жас жігіт әлеуметтік желідегі сенгіш азаматтардан ақша жинау үшін әскерде зорлық-зомбылық көргені туралы оқиғаны ойдан шығарған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Резонансты жазба Threads әлеуметтік желісінде ақпан айында пайда болды. Анонимді автор бір жыл бұрын әскерден оралғанын және сол жерде командирі тарапынан сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын алға тартқан. Ол психологиялық жарақат алып және соңына түскендер бар екенін айтып, шетелге шұғыл кету үшін қаржылай көмек сұраған.

Схема қалай жұмыс істеді?

Қаражат жинау үшін күдікті бұрын хостелде бірге тұрған 17 жастағы танысының шотын пайдаланған. Жасөспірімге «өз шоттарым бұғатталған» деп өтірік айтқан. Небәрі екі күн ішінде картаға жанашыр азаматтардан 100-ден астам ақшалай аударым түскен.

Өтіріктің беті желі қолданушыларының бірі көрсетілген деректемелерді тексеру үшін полицияға жүгінгеннен кейін ашылды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жарияланған ақпараттың шындыққа жанаспайтыны анықталды. Ұсталған жазба авторының әскери қызметке ешқандай қатысы жоқ және ол ешқашан әскерде болмаған», — деп хабарлады полициядан.

Салдары

Ұсталған азамат бұл оқиғаны тек табыс табу үшін ойдан шығарғанын мойындады. Оның әрекеті алаяқтықтан бөлек, әскери қызметтің беделіне нұқсан келтіру (дискредитация) ретінде де сараланып отыр.

Қазіргі таңда:

  • Алаяқтық және жалған ақпарат тарату дерегі бойынша қылмыстық істер қозғалды;
  • Күдікті соттың санкциясымен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Полиция қазақстандықтарға әлеуметтік желідегі назар аудартатын оқиғаларды тексеруді және алданып қалмас үшін танымайтын адамдардың шоттарына ақша аудармауды ескертеді.

Бүгін, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.