Атырау, 26 наурыз 20:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Қазақстан санкциялар салдарынан «Лукойлмен» жобаны тоқтатты

111 рет қаралды

Қазақстан мен Ресейдің «Лукойл» компаниясы бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Қаламқас-теңіз — Хазар» жобасы антиресейлік санкциялар әсерінен тоқтатылды. 

Бұл туралы Reuters агенттігі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасеновке сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, өткен жылы тараптар жобалау кезеңін аяқтағанымен, санкциялар енгізілгеннен кейін жобаны әрі қарай жалғастыру мүмкін болмаған. 

«Қазіргі таңда жобаны жүзеге асыру тоқтатылды», — деді Хасенов бейнеконференция барысында.

Жоба «Лукойлмен» бірлесіп жүзеге асырылып жатқан еді, тараптардың үлесі тең — әрқайсысына 50% -дан. Оператор — Kalamkas-Khazar Operating бірлескен кәсіпорны.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап компанияның кейбір қызметкерлері уақытша «ҚазМұнайГаздың» еншілес ұйымына ауыстырылды. Жаңа серіктес ретінде Қытай инвесторы қарастырылуда.

Жобаға тиесілі көмірсутек қоры шамамен 238,1 млн тонна деп бағаланады.

Бүгін, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.