Атырау, 26 наурыз 16:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

​ҰҚШҰ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

60 рет қаралды

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА) Кеңесі Таяу Шығыс пен Иран төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Құжатта парламентарийлер аймақтағы шиеленістің күрт өсуіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Олардың пікірінше, жағдай сыртқы күштердің ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерінен қиындай түсуде.

ҰҚШҰ ПА мұндай процестер халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке елеулі қатер төндіретінін атап өтті. Мәлімдемеде егемен мемлекеттерге қатысты күш қолдану мен қоқан-лоқы көрсетуге жол берілмейтіні ерекше атап көрсетілген.

Ассамблея Кеңесі барлық тараптарды барынша ұстамдылық танытуға және қақтығысты бейбіт жолмен шешу үшін диалогты қайта бастауға шақырды.

«Күш қолдануға жол берілмейді деп санаймыз және қалыптасқан қайшылықтарды тек бейбіт жолмен шешуге шақырамыз», — делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, парламентарийлер Иран үкіметі мен халқына қолдау білдірді.

Бүгін, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.