
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2025 жылдың қаржылық нәтижелерін жариялады.
Компанияның түсімі 2024 жылғы 8,33 трлн теңгеден 2025 жылы 9,37 трлн теңгеге дейін өсті. EBITDA көрсеткіші де 2,00 трлн теңгеден 2,39 трлн теңгеге көтерілді.
Ал таза пайда біршама төмендеп, 1,09 трлн теңгеден 1,07 трлн теңгені құрады. Дегенмен бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың үлесіне түзетілген таза пайда 1,28 трлн теңгеге жетіп, өткен жылғы 1,26 трлн теңгеден жоғары болды.
Бос ақша ағымы 1,23 трлн теңгеге дейін өссе, жалпы қарыз 3,97 трлн теңгеден 3,52 трлн теңгеге азайды. Ең маңызды көрсеткіштердің бірі – таза қарыз көлемі: ол 2024 жылғы 1,16 трлн теңгеден 2025 жылы 375 млрд теңгеге дейін қысқарды.
Компанияның ресми хабарламасында қаржылық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған шаралар атап өтіліп, қарыздың айтарлықтай азаюы мен бос ақша ағымының артуы «ҚазМұнайГаздың» қаржылық жағдайының жақсарғанын көрсететіні айтылды.
В Атырау -10