Атырау, 26 наурыз 16:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Куба президенті: ел тәуелсіздігі ешқашан талқыланбайды

96 рет қаралды

Куба басшысы Мигель Диас-Канель Canal Red арнасына берген сұхбатында АҚШ-пен кез келген мәселені талқылауға дайын екенін, бірақ елдің тәуелсіздігі мен саяси жүйесі ешқашан келіссөз тақырыбы болмайтынын айтты, деп хабарлайды АА.

Оның айтуынша, екіжақты диалогта инвестиция, көші-қон, есірткі айналымы, терроризмге қарсы күрес, экология, ғылым және білім салалары қамтылуы мүмкін. Бірақ басты шарт – Кубаның егемендігіне құрмет.

Диас-Канель келіссөздердің ұзақ мерзімді сипатта екенін, оған үкіметпен қатар азаматтық қоғам ұйымдары да қатысуы тиіс екенін атап өтті. Ол қақтығыстан қашып, диалогты қолдайтынын, алайда әскери араласу болса, революция үшін өмірін беруге дайын екенін жеткізді.

Президент елдің сыртқы тәуелділігін азайту үшін энергия өндірісін күшейтіп, жаңартылатын көздерді дамытуға басымдық беріліп жатқанын да айтты.

АҚШ билігі Кубаға мұнай жеткізетін елдерге кедендік тариф енгізіп, бұл шешімді ұлттық қауіпсіздік мүддесімен түсіндірген. Куба өз кезегінде сыртқы мұнай жеткізілімінсіз жағдайды еңсеру үшін төтенше шаралар қабылдаған.

Бүгін, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.