
28 наурыз, сенбі күні еліміздің барлық өңірлік, қалалық және облыстық онкологиялық орталықтарында Бірыңғай ашық есік күні ұйымдастырылады.
Бұл шараның мақсаты – қатерлі ісікке шалдығу мен өлім-жітімді азайту, сондай-ақ халыққа мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.
Сол күні жетекші онколог дәрігерлер азаматтарды жолдамасыз және алдын ала жазылусыз тегін қабылдайды.
Ерте анықтауға басымдық берілетін аурулар: жатыр мойны обыры, колоректалдық обыр және бүйрек ісіктері.
Ашық есік күні аясында:
- профилактика және ерте диагностика бойынша кеңес беріледі;
- алғашқы белгілер түсіндіріледі;
- заманауи диагностика мен емдеу әдістері туралы ақпарат ұсынылады.
Қатысу барлық ниет білдірушілер үшін ашық. Өзіңізбен бірге жеке куәлік және бар болса, бұрынғы тексерулердің нәтижелерін (УДЗ, КТ, МРТ, медициналық қорытындылар) алып келу қажет.
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды өз денсаулығына мұқият қарауға, күмәнді белгілерді елемей қалдырмауға және дер кезінде дәрігерге қаралуға шақырады.
Байланыс: +7 777 297 52 45 (Гаухар)
В Атырау -10