Атырау, 26 наурыз 15:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

​CNPC Орталық Азиядағы үлесін кеңейтуде: жаңа келісімнің егжей-тегжейі

114 рет қаралды

Қытайдың мемлекеттік мұнай-газ корпорациясы CNPC Түрікменстанда жаңа газ өңдеу зауытын салмақ. Жылдық қуаты — 10 миллиард текше метр, деп хабарлайды Reuters.

Жоба әлемдегі ең ірі газ кен орындарының бірі — «Галкыныш» кен орнында жүзеге асады. Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету үшін жаңа ұңғымалар бұрғыланбақ.

Ресми мәліметке сәйкес, зауыттың негізгі мақсаты — газды өңдеу көлемін арттыру және экспортты ұлғайту. Барлық тазартылған газ Қытайға жеткізіледі.

Қазірдің өзінде Қытай Орталық Азия арқылы өтетін құбырлар жүйесі арқылы Түрікменстаннан көп көлемде газ импорттап отыр. Жаңа нысан Пекинге энергия көздерін әртараптандыруға және энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Құрылыс басталу мерзімі мен инвестиция көлемі әзірге жарияланған жоқ.

Бүгін, 13:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.