Атырау, 26 наурыз 12:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Несие алу қиындайды: қазақстандықтардың табысы қалай тексеріледі?

67 рет қаралды
Көрнекі сурет/Midjourney
Көрнекі сурет/Midjourney

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда банктен несие беру ережелері айтарлықтай өзгереді. Ресми кірісін растай алмайтын азаматтар үшін несие алу мүмкіндігі шектеледі, деп хабарлайды digitalbusiness.kz.

Қаржылық реттеуші макропруденциалдық нормативтерді қайта қарауды жоспарлап отыр. Бұл ретте борыштық жүктеме коэффициентін (БЖК) және қарыз алушының табысына қатысты берешек арасалмағын қатаңдату туралы сөз болып отыр.

Несие алушылар үшін не өзгереді?

Басты жаңалық — банктер клиенттің нақты төлем қабілеттілігін ресми арналар арқылы тексеруге міндетті болады. Мынадай мәліметтерге басымдық беріледі:

  • Тұрақты зейнетақы аударымдары;
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне төленген жарналар.

Бұл қаржы ұйымдарына қазақстандықтардың табыс деңгейін ашық көруге мүмкіндік береді. Алдағы өзгерістер туралы ақпаратты ҚР Ұлттық банкінің төрағасы растады.

Шектеу кімдерге әсер етеді?

Ресми тіркеусіз жұмыс істейтін және жалақысын «конвертте» алатын азаматтарға несие берілмеуі мүмкін. 

«Табыс көзін құжатпен растай алмайтын қазақстандықтарға тұтынушылық қарызды, автонесиені немесе ипотеканы рәсімдеу айтарлықтай қиындайды, ал кейбір жағдайларда мүмкін болмайды. Банктер өтінімдерді мақұлдау кезінде барынша сақ болады», — деп атап өтті сарапшылар.

Өазір несие алғысы келіп жүрген азаматтардың қаржылық құжаттарын ретке келтіру үшін үш айдан сәл астам уақыты қалды. Жаңа нормалар жаздың ортасында барлық екінші деңгейлі банктерде күшіне енеді.

Бұған дейін қаржы нарығының сарапшылары халықтың шамадан тыс несие алуын азайту және кепілсіз несие беру кезіндегі тәуекелдерді бағалау тәсілдерін қайта қарау қажеттігін бірнеше рет айтқан болатын.

Бүгін, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.