Корей Халықтық-Демократиялық Республикасы Оңтүстік Кореяға бір қфедерацияға бірігуді ұсынды. Бұл туралы Солтүстік Корея мемлекеттік БАҚ-тары хабарлауда.
Онымен қоса, Пхеньян Сеулдің екі саяси жүйені біріктіру жөніндегі ұсыныстарын сынады. Солтүстік Корея БАҚ-тарының мәліметтері бойынша, екі мемлекетті біріктірудің жалғыз жолы әр түрлі саяси жүйелердің қатар өмір сүруіне мүмкіндік беретін федералдық құрылғы болып табылады.
Корея Демократиялық Конфедеративтік Республикасын құруды алғаш рет Ким Ир Сен 1980 жылы ұсынған. Оның идеясына сәйкес, конфедерация екі саяси жүйе өз көсемдерімен қызмет ететін қауымдастықты құрудың алғашқы кезеңі болар еді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
В Атырау +4