
16 наурыз күні шамамен сағат 03:30 шамасында полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйел адамның қаза тапқаны туралы хабарлама түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға тұрмыстық жанжал барысында орын алған.
Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
- Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -10