Атырау, 9 қараша 21:21
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Обама мен республикалықтар мемқарыз бойынша ортақ шешімге келе алмады

1 575 просмотра

АҚШ президенті Барак Обаманың конгрессмен-республикалықтармен кездесуі мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру және мемқарыз шегін белгілеу бойынша еш нәтиже бермеді, деп мәлімдеді Ақ үй, деп хабарлайды Trend.az. 

«Жасалуы тиіс болашақ қадамдарды талқылаудан кейін оларға қандайда бір нақты анықтама берілген жоқ. Президент тараптар келіссөзінде ілгерілеушілік болады деген сенім білдірді. Оның мақсаты – біз өз міндетімізді орындап, мемлекеттік мекемелердің жұмысын жандандыру үшін және экономиканы дамыту мәселесіне оралып, жұмыс орындарын ашу және орта таптың жағдайын нығайту үшін тиісті жағдаймен қамтамасыз ету», - делінген хабарламада. 

Республикалықтар басқаратын өкілдер палатасы денсаулық сақтау реформасын алып тастау немесе жүзеге асыру мерзімін кейінге қалдыру бабынсыз бюджет қабылдаудан бас тартып отыр. Еске сала кетейік, денсаулық сақтау реформасы Обаманың ең басты бастамаларының бірі болып табылады.

Осының кесірінен жаңа қаржыландыру жылының басы – 1 қазаннан бастап мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тоқтатылды. Конгресс сондай-ақ 16,7 триллион долларға тең қарыз алу лимитінің шегін өсіруге келісім бермеді. Егер ол 17 қазанға дейін өсірілмесе, АҚШ дефолтқа ұшырауы мүмкін. 

Дереккөз: bnews.kz

11 қазан 2013, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.