Атырау, 22 наурыз 01:32
 ашықВ Атырау +12
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Ливияның премьер-министрін ешкім ұрлаған жоқ, ол тұтқындалды – Ливия ІІМ

1 436 просмотра

Бүгін таңертең ІІМ қызметкерлері Ливияның премьер-министрі Әли Зейданды ұстады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС министрлік жанындағы қылмыспен күрес басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Оны ешкім ұрлаған жоқ», - деп ЛАНА ақпараттық агенттігі ведомство өкілдерінің сөзін келтірді.

Бұғанға дейін белгісіз қаруланған адамдардың "Коринтия" қонақүйіне кіріп, премьер-министрді қарумен қорқытып алып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.

«Әл-Жазира» телеарнасының мәліметтері бойынша, премьер-министр бас прокуратураның бұйрығымен ұсталды. Ол бұрынғы көтерілісшілерден құралған «жедел штаб» пен ІІМ-нің біріккен операциясы кезінде құрықталған.

Ал "Скай ньюс - Арабия" телеарнасының ақпараты бойынша, Зейданның сыбайлас жемқорлық пен америкалық арнайы қызметтінің "Аль-Каида" басшыларының бірін ұстауына қатысы бар.

Дегенмен, "Аль-Арабия" арнасының хабарлауынша, бас прокурор саясаткерді тұтқындауға ордер бермеген.

Дереккөз: bnews.kz

10 қазан 2013, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.