Әзірбайжандағы президент сайлауында Ильхам Алиев айқын басымыдықпен алда келеді, деп жазады ИТАР-ТАСС.
Республиканың Орталық сайлаукомының басшысы Мазахир Панахов хабарлағандай, сайлау учаскелеріндегі жалпы бюллетендер санының 72 пайызын есептегенде, Алиев сайлаушылардың 84,73 пайыз дауысын жинаған.
Сайлаудың ресми қорытындысын Орталық сайлауком кем дегенде он күннің ішінде жариялауы тиіс. Оны Конституциялық сот бекіткеннен кейін, сайланған президент үш күннің ішінде ант қабылдайды. Осылайша Әзірбайжанның жаңа президентін ұлықтау рәсімі қазан айының соңғы күндеріне тұспа-тұс келеді.
Әзірбайжан Сайлау кодексінің нормаларына сәйкес, республикада президент сайлауы әр бес жыл сайын қазан айының үшінші сәрсенбісінде өтуі керек.
Дереккөз: bnews.kz