Баспасөзде қаруланған содырлардың Ливия премьер-министрі Әли Зейданды ұрлап, белгісіз жаққа әкеткендігі туралы ақпарат пайда болды. Бұл оқиға бүгін таңертең Триполиде орын алды, деп хабарлайды YTPO.ru.
Бұл ақпаратты үкімет де растады. Sky News Arabia-ның ақпараты бойынша, бір топ адам Зейдан орналасқан отельге кіріп, оны алып кеткен. Премьер-министрдің қайда екені белгісіз.
Кейіннен Зейданды елдің ІІМ қызметкерлері ұстағаны анықталды. Оны ұстау туралы бұйрықты прокуратура берген екен. Сонымен қатар, «Al Arabia» хабарлауынша, Ливияның бас прокурорының кеңсесінде бұл жайында ештеңе білмейді.
Зейданның жоғалуына байланысты ел үкіметі жедел кеңес өткізуде. Сондай-ақ, елдің қаржы министрі Абдель Карим эль-Килянидің ұсталғаны туралы белгілі болды. Әли Зейдан өткен жылдың қазанынан бастап премьер-министр қызметінде жүр.
Дереккөз: bnews.kz