Атырау, 26 қараша 08:46
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

10 секундта көз жеткізу керек

2 637 просмотра

«Ақ Жайық» қонақ үйінің конференц-залында жұмыссыз жастарға арналған оқыту семинары өтіп, онда жастарды түйіндемені дұрыс құрастыруға үйреткен еді.

Семинарды «Тарлан –Атырау» қоғамдық бірлестігі облыстық жастар ісі жөніндегі басқарманың қолдауымен ұйымдастырды. 

– Биыл біз жас мамандар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткіздік. Көптеген түйіндемелер жұмыс беруші үшін көңілге қонымсыз боп көрінетіндігі анықталды. Ал бұл жұмыс іздеушінің ең алдымен көзге түсетін «киімі» ғой. Сондықтан да барлық ниет білдірушілер үшін осындай семинар өткізуді ұйғардық, - деді «Тарлан - Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Меңжан ҚАЖЫГЕРЕЕВ.

Орташа алғанда жұмыс беруші түйіндемені қарауға бар болғаны 8-10 секунд уақытын жұмсайды екен. Сондықтан жастарға жұмыс беруші өзіне сол адам керектігін түсіну үшін түйіндемені қалай толтыру керектігін айтып берді.

М. Қажыгереев «Тарлан - Атырау» ҚБ жанынан жастардың еңбек биржасы ұйымдастырылғанын атап өтті:

Бізге келген жастар компьютерді, интернетті тегін пайдалана алады, түйіндемені құрастырып, оны басып шығаруға кеңестер ала алады. Сонымен қатар, біз ықтимал жұмыс берушілерге түйіндемелерді жібереміз, бүкіл жарияланатын бос жұмыс орындарын қадағалаймыз. Жақын арада еңбек биржасы www.zhasatyrau.kz сайтында электронды форматта та жұмыс жасай бастайды. Өткен семинарға келер болсақ, ол соңғысы емес. Бизнес картасы-2020 бағдарламасы және еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша жастарға арналған семинарлар өткізу жоспарда бар. Семинарлар циклының қорытындысы «шыңдалған» жастар келетін бос орындар жәрмеңкесі болуы тиіс.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

10 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.