Атырау, 14 шілде 20:17
 ашықВ Атырау +24
$ 520.93
€ 609.07
₽ 6.68

Алысқа барудың қажеті жоқ

1 954 рет қаралды

Қызылқоға ауданына қарасты Мұқыр селосының тұрғындарына «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК мен «Қазпошта» АҚ-ның бірлескен пилоттық жобасы шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары басталды.

Облыстық ХҚКО-ның мониторинг қызметінің БАҚ-мен байланыс менеджері Нұрлыбек БАҚТЫҒАЛИДЫҢ айтуынша,  енді Мұқыр халқы электронды түрде мекенжай анықтамасын, жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтаманы, сотталғандығы жөнінде анықтаманы, жұмыссыздық туралы анықтаманы, некеде тұру немес некені бұзу туралы анықтаманы және басқа да қажетті құжаттарды аудан немесе облыс орталығына бармай-ақ ала алады.

Пошта байланысының селолық бөлімдеріндегі мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасы республикамыздың 5 облысында - Ақмола, Атырау, БҚО, Павлодар, Қызылорда облыстарында жүзеге асырылуда.

Айнұр САПАРОВА

10 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.