Атырау, 21 желтоқсан 09:58
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Барыстар» маусымды Прибалтикада бастайды

2 849 просмотра

Облыстық «Барыстар» баскетбол командасының кезекті маусымы басталды. 3 қазанда команда Балтық Лигасына қатысу үшін Прибалтикаға кетті. 13 қазанда «Атырау» ДСК-нде ақтаулық «Каспий» командасымен Ұлттық баскетбол лигасының алғашқы матчы өткізіледі. Бұл маусым сәтті өте ме? Біз «Барыстардың» бас бапкері Эдуард Скрипецпен сұхбаттастық.

- Өткен маусымдағы команда нәтижесін қалай бағалайсыз?

-«Күміске» қол жеткіздік. Жалпы жақсы ойнадық, алайда үздік ойын көрсететін мүмкіндігіміз болған...

- Осы маусымға қандай жоспарлар қойып отырсыздар?

Эдуард Богданович Скрипец, 43 жаста. Украина баскетбол лигасының «СК КрАЗ», «Черкасские Мавпы-2», «Химик» командаларын жаттықтырған, 2010-2011 және 2011-2012 жылдар маусымында «Барыстар» командасының бас бапкері Вадим Бураковтың кезінде екінші жаттықтырушы болған. Бураков кеткеннен кейін команда тізгінін өз қолына алды.

- 8 қазанда Балтық баскетбол лигасында ойынды бастаймыз. Латвиялық командалар «Вентспилс» және «Лиепая», литвалық «Шяуля», «Кедайня», «Литкабелис» және эстондық «Пярну» командаларымен бір топта өнер көрсетеміз. Желтоқсанда Прибалтикаға тағы барып,4 ойын өткіземіз. Қаңтарда да осы жақта 4 ойын күтіп тұр. Осыдан кейін ғана Балтық лигасының финалдық ойындарына ілігеміз бе, жоқ па, белгілі болады. «Барыстар» Балтық лигасына осымен төртінші маусым қатысқалы отыр. Бірінші жылы топтан шыға алмадық, екіншіде ширек финалға дейін жетіп, өткен жылы 16 үздіктің топтамасына кірдік. Алайда, ширек финалға шыға алмадық.

- Командада өзгерістер бар ма?

- Біз Михаил Евстигнеев, Қадыржан Ғұбашев және Рүстем Төлеу сынды команданың негізін сақтап қалдық. Құрамымызда команданың көшбасшысы Эдгарс Желенис те қалды. Сонымен қатар, бұрын командамызда өнер көрсеткен Дмитрий Гаврилов пен Максим Смирновты кері қайтарып алдық. Өткен маусымда жинаған ұпайлары бойынша чемпионаттың үздік ойыншыларының бірі Рейнис Струповичті ақтаулық «Каспийден» өзімізге шақырудың сәті түсті.

Өкінішке орай, командамыздан Андрей Ендропов кетті. Ол өз туған жері – Новосібірге жаттықтырушылық жұмысқа ауысты. Сонымен қатар, денсаулығына байланысты Дмитрий Дятловскиймен де қоштасуымызға тура келді. Және өткен маусымдағы жинаған ұпайлары бойынша команданың үздік ойыншысы Фредрик II Замбалист те кетті. Ол қайда ойнайтынын әлі шешкен жоқ.

- «Барыстар» биыл плейоффта ойнайды деп болжам жасай аласыз ба?

- Болжам жасау – болмайтын іс. Біз жеткен жетістіктерімізден төмен болуды қаламаймыз. Тек жүлделер үшін күресеміз.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ:

10 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.