Атырау, 29 наурыз 19:08
 ашықВ Атырау +12
$ 455.00
€ 492.13
₽ 5.94

Британияда ұшақты ұшқыштың орнына жолаушы қондырды

1 420 просмотра
Шағын ұшақтың жолаушысы Британияның солтүстік-шығысындағы Хамберсайд әуежайына әуе көлігін аман-есен қондырды.

Атап айтқанда ұшақ ұшқышының денсаулық жағдайы әуеде күрт нашарлағаннан кейін аталған жолаушы осындай қадамға баруға мәжбүр болған.

ВВС-дің жазуынша, ұшқыш апат дабылын жібергеннен кейін әуежайға екі авианұсқаушы шақырылған көрінеді. Олар өз кезегінде жолаушыға ұшақты отырғызуға көмектесті.

Авианұсқаушының бірі Рой Мюррейдің сөзіне қарағанда, жолаушының ұшақты басқаруда ешқандай тәжірибесі болмаған, алайда ол төртінші әрекеттен кейін ұшақты сәтті қондырды. Мюррей бұл азаматты сабырға шақырып, әуе көлігін отырғызудың барлық қыр-сырын түсіндіріп отырған екен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

9 қазан 2013, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.