
Дархан Ботабаев компания қызметкеріне "ашу үстінде қол жұмсағанын" айтқан. Жәбір көрген Нұркенжегүл Байғазиева арызын қайтарып алмақ.
Қыркүйектің басында компанияға билет сатып алуға барған Дархан Ботабаевтың
Нұркенжегүл Байғазиеваға қол жұмсаған сәті видеожазбаға түсіп, интернетке тарап кеткен еді. Бұдан соң Байғазиева полицияға арызданған.
Осы оқиғадан соң, 30 қыркүйекте Дархан Ботабаев жұмысынан кеткен. Банк оның "оқиғаға байланысты қызметтен кететінін және ыңғайсыз жағдайға банктің қатысы жоғын" айтқан.
Дереккөз: azattyq.org
8 қазан 2013, 16:12