Атырау, 27 желтоқсан 07:09
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Максим Галкин ресейлік телеарналардың бірінде әкелік қуанышымен бөлісті

1 900 просмотра
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Алла Пугачеваның жолдасы Максим Галкин «Ресей 1» телеарнасына сұхбат беріп, балалары күні кеше емес, осыдан шамамен бір ай бұрын дүниеге келгенін мойындады.

«Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Мен енді әке болудың қандай екенін түсіндім», - деп ағынан жарылды ресейлік әртіс.

18 қыркүйекте дүниеге келген балалары туралы хабарды неге құпияда ұстадыңыздар деген сұраққа Галкин: «Не дегенмен әлі куәліктерін алмаған, перзентханадан шықпаған сәбилерді жұртқа жария еткіміз келмеді», - деді.

Галкин тіпті егіздердің кімге ұқсағанын да жасырмады. Оның сөзіне қарағанда, ұлы өзіне, ал қызы Пугачеваға ұқсайды екен. Ал қос сәбидің атын Елизавета мен Гарри деп оның жұбайы қойған көрінеді.

Эфирде, сонымен қатар, Пугачева мен Галкиннің балаларын құрсағында 9 ай бойы көтерген келіншектің есімі жария болды. Ол - Қазан қаласының тұрғыны Елена Ширинина. «Құдай денсаулықты беріп тұрса, неге тумасқа? Өз басыма балаларды беру қиынға соққан жоқ. Өйткені мен біреуге ана, біреуге әке бақытын сезінуге мүмкіндік бердім», - деп түсіндірді келіншек осынау әрекетін.

Дереккөз: inform.kz

8 қазан 2013, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.