
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті заңсыз инвестициялық қызмет саласындағы алаяқтық дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті 2013 жылдан 2021 жылға дейін «Partners & Consultants» жобасы аясында «өмірді сақтандыру» деген сылтаумен азаматтардың ақшасын жымқырып келген. Ол салымшыларға жылына 12%-ға дейін табыс табуға уәде беріп, қаржыны өзіне бағынысты «Evroasia Global Investment» АҚ және «Evropa Investment» ЖШС есепшоттарына аударуға үгіттеген. н.
Жобаның сенімділігін көрсету үшін алаяқтар іс жүзінде жоқ халықаралық бағдарламалар мен жалған сертификаттарды пайдаланған. Салымшыларға ақша аударылғаннан кейін инвестициялық міндеттемелер туралы заңсыз құжаттар беріліп отырған.
Бұл схеманың салдарынан 270 азамат алданып, жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам материалдық залал келген. Күдікті заңсыз жолмен келген ақшаға жылжымайтын мүлік пен көліктер сатып алған.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, ал оның барлық мүлкіне шектеу қойылды.
В Атырау -10