Хамид Карзай Фото: Anja Niedringhaus / APАуғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ-пен жасалатын пактіні талқылау үшін Лоя Джирга құрылтайын (ақсақалдар кеңесі) шақыратынын мәлімдеді.
Кабулда журналистермен кездескен Карзай үкімет құрылтайда қабылданатын шешімге бағынатынын айтты. Ол бұған қоса ауғандықтар келесі жылы елден халықаралық коалиция күштері шығарылғаннан кейін америкалық бөлімшелердің елде қалуына рұқсат ететін келісім жасалғанын күтетінін, бірақ келісім "Ауғанстанның мемлекеттік мүдделерін еске алуы тиіс" екенін ескертті.
Кабул мен Вашингтон 2012 жылдың қарашасынан бері пактіге қатысты келіссөздер жүргізіп келеді. Карзайдың сөзіне қарағанда, ымыраға келу әрекеті елдің егемендігі мен басқа да мәселелерге қатысты түсініспеушілік тудырады. Ол Кабул Вашингтоннан "Талибан" шабуылынан, терроризм қаупінен және америкалық әскерилердің бомбалауынан қорғауға кепілдік беруді талап ететінін айтады.

Дереккөз: azattyq.org
8 қазан 2013, 11:51