Атырау, 27 шілде 06:05
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

КХДР әскерлерін дайындық үстінде ұстауда

2 099 просмотра

АСТАНА, 8 қаз – Қазақстан жаңалықтары АА. Корей халық әскері (КХӘ) кез келген уақытта Корей түбегі жағасында АҚШ және Оңтүстік Кореяның шабуылдарына төтеп беру үшін жоғары әскери дайындықтан өтті, деп хабарлайды Ренхап агенттігі Солтүстік Корей БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Мұндай оқу-жаттығу жұмыстарының өткізілуі «америка әкімшілігі жоғары шенді өкілдерінің «АҚШ ешқашан КХДР-ға қарсы жаулық саясат жүргізбегені және оларға қарсы шабуыл жасамайтыны» туралы айтқан мәлімдемелерінің барлығы жалған» екенін айғақтайды,- деді КХА Бас штабының баспасөз хатшысы. 

Осыған байланысты, барлық Солтүстік Кореяның қарулы күштері Жоғары басқармадан «қабылданған оперативті жоспарларды қайта қарап шығып, ұрысқа дайын болу және де америка мен жапон шабуылдаушыларының әр басқан ізін аңду» туралы бұйрық алды.

Дереккөз: newskaz.kz

 
8 қазан 2013, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.