Атырау, 5 ақпан 20:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49

Испанияда «Леонардо» дауылы: қызыл деңгейдегі қауіп жарияланды

125 рет қаралды

Испанияның оңтүстігінде «Леонардо» дауылы соғып, қатты жауын-шашын мен су тасқынына әкелді. Қызыл деңгейдегі қауіп сақталып отыр, деп хабарлайды Евронью́с.

Кадис провинциясындағы Грасалема қаласында тәулігіне 470 литрден астам жауын-шашын түскен. Қаладағы дренаж жүйелері суға төтеп бере алмай, өзен арнасынан асып, көшелерді су басты.

Төтенше жағдай қызметі төменгі аймақтардан шамамен 60 тұрғынды эвакуациялады. Қала мэрі 5 ақпан күні кешке қарай тау бөктеріндегі үйлерге де қауіп төнуі мүмкін екенін ескертті.

Қызыл деңгейдегі ескерту күшінде. Алдағы уақытта тағы 150 литрге дейін жауын-шашын күтілуде. Желдің жылдамдығы сағатына 80 км-ге дейін жетуі ықтимал.Мектептерде сабақтар тоқтатылды, тұрғындарға сапардан бас тарту ұсынылды.

Ел бойынша жүздеген оқиға тіркелді: жолдардың жабылуы, электр қуатының үзілу қаупі және көшкін қаупі артып отыр. Бірнеше апта бойы жауған жауыннан жер қанығып, жаңа оползеньдер қаупін күшейтті.

Бүгін, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.