
Ұлыбританияда Манделсон мен Эпштейн арасындағы байланыстарға қатысты құжаттардың бір бөлігі жарияланатын болды, деп хабарлайды АА.
Ұлыбританияның Лейбористік партиясының депутаттары бұрынғы министр әрі елші Питер Манделсонға қатысты құпия құжаттардың бір бөлігін парламенттің барлау және қауіпсіздік комитетіне беруге, ал қалғанын үкіметтің жариялауына қол жеткізді.
Партияның ықпалды өкілдері, соның ішінде бұрынғы премьер-министрдің орынбасары Анджела Рейнер, Манделсон мен АҚШ-та кәмелетке толмағандарды сексуалды қанау ісінде аты аталған миллиардер Джеффри Эпштейн арасындағы қатынастарды сипаттайтын материалдарды жасырын ұстауға қарсы шықты.
Премьер-министр Кир Стармер ұлттық қауіпсіздік пен дипломатиялық қатынастарға зиян келуі мүмкін деген уәжбен құжаттардың бір бөлігін жарияламауды ұсынған еді. Алайда партия ішіндегі қысымнан кейін үкімет Манделсонға қатысты кейбір материалдарды комитетке жолдауға, ал қауіпсіздікке қатысы жоқтарын ашық жариялауға шешім қабылдады.
Сонымен қатар Лондонның Метрополитен полициясы құжаттардың жариялануы тергеуге кедергі келтіруі мүмкін екенін ескертті.
АҚШ-та 2025 жылғы қыркүйекте жарияланған хат-хабарларда Манделсон Эпштейнді «менің ең жақын досым» деп атағаны белгілі болды. Кейін ол Вашингтондағы елші қызметінен босатылды. Жақында шыққан деректерге сәйкес, Манделсон Эпштейннен 75 мың доллар алған және кәмелетке толмаған қыздармен түсірілген орынсыз суреттері жарияланған.
Манделсон бұл ақша аударымын есінде жоқ деп мәлімдеді.
В Атырау -10